Президент кубогында Қазақстан боксшылары 10 алтын медаль иеленді - Спорт|11 Маусым 2018, 10:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Президент кубогында Қазақстан боксшылары 10 алтын медаль иеленді

Астанада 15 елдің спортшыларының қатысуымен бокстан ҚР Президентінің кубогы халықаралық дәстүрлі турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, қазақстандық спортшылар үйдегі турнирде 10 алтын медальға қол жеткізді. ҚР құрамасы жарыста төрт құрамда бақ сынады. Сонымен қатар, турнирге Ресей, Өзбекстан, Таиланд, Үндістан, АҚШ, Швеция, Жапония, Қытай, Филиппин және өзге елдердің де спортшылары қатысты.

Өз салмақ дәрежелерінде Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Теміртас Жүсіпов (49 кг), Әнуар Мұзаппаров (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Бекдәулет Ибрагимов (64 кг), Асланбек Шымбергенов (69 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг), Абзал Құттыбеков (91 кг) пен Қамшыбек Құнқабаев (+91 кг) чемпион атанды.

Бұдан басқа, қазақстандықтар алты күміс пен 12 қола медальға қолжеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит (91), турнир аясындағы алдыңғы екі кездесуін нокаутпен жеңіп, жартылай финалда Ресейдің 2017 жылғы чемпионы 26 жастағы Садам Магомедовтан жеңіліс тапты. Алайда Магомедов қазақстандық Абзал Құттыбековтан айласын асыра алмай, ойсырата жеңілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер