BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

«Реалдан» кеткен Роналду «Ювентусқа» ауысты

Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду мадридтік «Реалдан» туриндік «Ювентусқа» ауысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Роналду «Ювентусқа» ауысуға келісім берді. «Ювентустың» ресми сайтында Роналду үшін италиялық клуб «Реалға» 100 млн еуро төлейтіні жазылған. Келісімшарт 2022 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады. AS мәліметінше, италиялықтар оған жылына 30 млн еуро жалақы төлейтін болады. «Корольдік» клубта Роналду 2009 жылдан бастап алаңға шықты. Тоғыз жыл ішінде ол клуб сапында жүріп екі рет Испания чемпионы, төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

«Өмірімде жаңа кезеңді ашудың сәті түскен сияқты, сол үшін де клубтан мені жіберуін өтіндім. Барлық жанкүйерлеріме түсіністік танытуды сұраймын. Тоғыз жылдың ішінде адам нанғысыз фанаттар болды. «Реалда» әрдайым жоғары талаптар қояды, сол себепті осы тоғыз жылда әсерлі де, қиын да болды», - деді Роналду клубпен қоштасу үндеуінде.

Ол клубта өткізген уақыт «өмірімдегі ең керемет уақыт» деп жазды. Клубқа алғысын білдіріп, «Реал» эмблемасы жүрегінде мәңгі қалатынын айтып, уәде берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер