BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«QAZSPORT» жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындарын көрсетеді

Фото: Prosports.kz

7 қазан күні Аргентина астанасы Буэнос-Айресте жасөспірімдер арасындағы ІІІ жазғы Олимпиада ойындары жалауын көтерді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшылар дүбірлі додаға 41 жолдама жеңіп алып, спорттың 22 түрінен сынға түседі. Буэнос-Айреске барлығы 57 спортшы барады.

Жасөспірімдер Олимпиадасы 7-19 қазан аралығында өтеді. Оған 206 елден 15-18 жас аралығындағы 3926 спортшы қатысады. Медальдар жиынтығы 32 спорт түрі бойынша сарапқа салынады. Жарыс бағдарламасына алғаш рет брейк-данс, каратэ, құзға өрмелеу, роллер-спорт, жағажай гандболы және футзал енді.

2014 жылы Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандықтар сегіз медаль жеңіп алды. Құрамамыз елге үш алтын, бір күміс және төрт қола медальмен оралған еді. Бауыржан Жауынтаев (дзюдо), Абылайхан Жүсіпов (бокс) және Қуатбек Мұхамбет (еркін күрес) Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды. Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 21-орыннан көрінді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер