BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Президент кубогының алғашқы матчында Қазақстан құрамасы «Нефтехимиктен» жеңілді

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бүгін «Барыс Аренада» шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы басталды. Турнирдің алғашқы матчы Қазақстан құрамасы мен Нижнекамсктан келген «Нефтехимик» арасында өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Матч 4:1 (0:0, 2:0, 2:1) есебімен Андрей Назаровтың командасының пайдасына аяқталды. «Нефтехимик» сапында Юусо Пуустинен, Адам Полашек және Микаэль Руохомаа, Алексей Михнов қарсылас қақпасына шайба соқты. Ал Қазақстан құрамасынан жалғыз шайба авторы Артём Лихотников атанды.

Қақпашылар: Кудрявцев - Макаров

Қазақстан құрамасы: Кудрявцев (Каратаев). Ибатулин - Метальников, Никулин - Гренц - Гурин. Болякин - Степаненко, Баженов - Гурков - Рахманов. Шалапов - Клещенко, Савицкий - Сагадеев - Лихотников. Яхонт - Церенок, Петухов - Макеев - Некряч. Запастағылар: Верещагин - Пелевин.

«Нефтехимик»: Макаров (Коротаев). Огурцов - Брынцев, Галимов - Нестрашил - Хайруллин. Сергеев - Полашек, Няттинен - Руохомаа - Пуустинен. Шарипзянов - Волгин, Здунов - Якимов - Шиксатдаров. Фазылзянов - Фаткуллин, Аркалов - Куликов - Михнов.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы 9 тамыз бен 12 тамыз аралығында өтеді. Туринирге 4 команда қатысып отыр, олар: Қазақстан құрамасы, «Амур» (Хабаровск), «Барыс» (Астана), «Нефтехимик» (Нижнекамск).

Бүгін 19:30-да «Барыс» пен «Амур» кездеседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер