BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Президент кубогынан Қазақстан қоржынына 10 медаль түсті

Астанада бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына VI халықаралық турнир мәресіне жетті. Маусымның 5-і мен 10-ы аралығында 15 мемлекеттің әлемдік деңгейдегі жарыстарының жүлдегерлері мен чемпиондары бас жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Беларусь, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Ресей, Швеция, Тәжікстан, Таиланд, Түркменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстанның мықты спортшылары күш сынасты. Ерлер арасындағы жарыс он салмақ санатында, әйелдер арасында төрт салмақ санатында (51, 57, 60 және 75 килограмм) өтті. Жалпы, турнирге 162 боксшы қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша астаналық спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, 4 медаль жеңіп алды – 2 алтын және 2 қола.

Азиялық командалар арасындағы бокстан ҚР Президенті кубогы үшін турнир 18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда өтетін Азия ойындары алдында өз күшіңді сынау мүмкіндігі болды.

Финалдық жекпе-жектер жексенбі күні «Дәулет» спорткомбинатында өтті, мінбелер жанкүйерлерге толы болды.

Қазақстан құрамасының қоржынына алтынды бірінші болып Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Сания Сұлтанқызы салды, ол ақтық кездесуде жапониялық спортшыдан басым түсті.

«Мамыр айында әйелдер арасында бокстан Қазақстан біріншілігі өтті, мен онда бірінші орын алдым, 57 кг дейінгі салмақ санатында еліміздің намысын қорғау үлкен жауапкершілік. Бұл жарысқа мықтап дайындалдым, бүкіл күшімді салуға тырыстым, алға қойған үлкен мақсатым бар, қалпыма келіп, Азия ойындарына дайындалу үшін бірер уақыт», - дейді Сания Сұлтанқызы.

Екінші алтын жүлдеге әйелдер арасындағы бокстан 2018 жылғы Қазақстан чемпионы Римма Волосенко қол жеткізді, спортшы 60 кг дейінгі салмақта жұдырықтасты.

«Қарсыластар әртүрлі болады, әрқайсысының ыңғайын таба білу керек, жеңіске қол жеткізу оңай емес. Мен Қазақстан Республикасының чемпионатынан кейін күшімді жинадым, жеңіске жеткеніме қуаныштымын, бапкерім Берік Маржықпаевқа, жанкүйерлеріме алғыс айтамын», - дейді Римма Волосенко.

Бұдан басқа, халықаралық жарыста Астана қаласының Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Ільяс Сүлейменов қола жүлде жеңіп алды, спортшы – 2017 жылғы Қазақстан чемпионыхалықаралық жарыстардың көп дүркін жеңімпазы. Сүлейменов Президент кубогының ¼ кезеңінде Тайланд боксшысынан басым түсіп, жартылай финалға шықты. Бірақ америкалық спортшыға есе жіберген ол қола жүлдені қанағат тұтты.

Екінші қола жүлде Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левиттің еншісінде, ол жартылай финалда ресейлік спортшы Садам Магомедовтен жеңіліп қалды.

Жалпы Қазақстан Республикасы Президенті кубогының қорытындысы бойынша бокстан ел құрамасының спортшылары 10 медаль олжалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер