BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Оралхан жарап тұр

Астана. 6 қараша. Baq.kz – «Шахтердің» (Қарағанды) қосалқы құрамында ойнап жүрген жас футболшы Оралхан Өміртаев соңғы кездері алаңнан гол соқпай кетпейтінболды. Қызылордада Қазақстан кәсіпқой лигасының кубогы аясындаөткен кездесуде «Қайсар» жастарына покер жасады.  

Дәл қазіргі кезде Оралханның еншісінде16 гол бар. Тоғыз добын қосалқы құрам командалары арасындағы турнирде, 7 голды
ҚКЛ кубогында соқты.Оралхан Өзбекстан жерінде дүниеге келген. Алты жасында отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударады. Футболмен11 жасынан бастап айналысып келеді.Қарағанды футболының түлегі. Әлемдік футболда «Барселона» командасының жанкүйері екен. Жас футболшы Лионель Мессиді пір тұтатын көрінеді. Қазақстандық ойыншылардан Андрей Финонченконы үлгі тұтады. Оралхан биылғы маусымда «Шахтердің» негізгі құрамында 6 рет алаңға шықты. Премьер-лигада өнер көрсеткен осы маусымдағы ең жас футболшы атанды (16жас, 7 ай, 19 күн).

– Шахтердің» негізгі құрамында алаңға шыққаныма қуаныштымын. Біздің командада жасы үлкен сақа ойыншыларды құрмет тұтады. Олардан үйренетін нәрсе өте көп. Әрине, тәжірибелі ойыншыларға қарсы ойын қиын. Алайда футболда ешқашан оңай болған емес, – дейді Оралхан.Өміртаев

«Шахтерден» бөлек, әр түрлі жас санаттары бойынша құрама командаларда ойнап жүр. 2013-2014 жылдары U-16 жасқа дейінгі құрамада 16 ойын өткізіп, 10 гол соққан. Ал U-17 сапында 6 ойын өткізген. Ал қазіргі кезде 19 жасқа дейінгі құрамда ойнап жүр. Биылғы жылы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатысты.Оралхан биылғы жылдың басында Рамазан Оразовпен бірге Катарда өткен 17 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы дәстүрлі «Әл Класс Турнамент» туниріне де қатысып келді. Әлемнің үздік клубтарының өкілдері қатысатын жарысқа екі қазақтандық алғаш рет өнер көрсетті. Олар «Эспаир Интернейшнл» командасының сапында жасыл алаңға шықты. Қазақ футболындағы ең өзекті мәселенің – бірі гол соғатын мерген шабуылшылардың жоқтығы. Осы олқылықтың орнын Оралхан толтырып жатса, кәнеки. Өзі үлгі тұтатын Месси сияқты әр турда алаңнан голсыз кетпейтін шабуылшы болсын деген тілегімізді білдіреміз.  

Бек Төлеуов


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер