USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

«Олимпиакос» «Астанаға» қарсы матчқа қызу дайындалып жатыр

Фото: vesti.kz

«Астана» клубы 20 қазан күні Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында грекиялық «Олимпиакосқа» қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Грекиялық клуб бұл матчқа қызу дайындалып жатыр. «Олимпиакос» ертеңгі ойынның алдында жергілікті журналистерге арнайы ашық жаттығу өткізді.

Естеріңізге саламыз, матч Астана уақытымен қазанның 20-сынан 21-іне қараған түні сағат 01:00-де басталады. Ойын 32 мың жанкүйерге шақталған «Караискакис» стадионында өтеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады