Олимпиадаға барып жеңіске жеткім келеді – Илья Ильин - Спорт|11 Маусым 2018, 15:09
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Олимпиадаға барып жеңіске жеткім келеді – Илья Ильин

Фото: ашық дереккөзден

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин допингке қатысты жарыстан шеттету мерзімі аяқталған соң журналистер алдында қазіргі жағдайымен және алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан чемпионатына қатысамын, келесі жылы 5 жарыс бар. Ол жарыстарда алтын алуды емес, белгіленген балл жинап Олимпиада лицензиясын алуды көздеп отырмын. Жылына бір емес, бірнеше жарысқа қатысу бұрыннан ойымда жүрді. Әрине, Олимпиадаға барып жеңіске жеткім келеді», - деді спортшы.

Ол өзінің Қазақстан құрамасының мүшесі болса да жеке дайындала беретінін айтты.

«Қазақстанның туы астында жарыстарға қатысамын. Бұған дейін әрдайым тұғырға көтерілдім, жеңіске жеттім. Бірге жұмыс істейтін боламыз, десек те әзірге уақыты келген жоқ. Басшылықтан жеке жұмыс істеуді сұрадым, бірге дайындалуға әлі дайын емеспін. Қазақстан чемпионатын жеңген соң ғана бірнәрсе деуге болады. Балаларды сағындым. Қазір осылай жұмыс істеймін. Уақыты келген соң бірге жаттығамыз», - деді Ильин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстан құрамасына Токио Олимпиадасына қатысуға екі ғана лицензия бөлген болатын. Ильиннің айтуынша бұл жағдай алдағы уақытта өзгеруі мүмкін.

«Допингке қатысты бұзушылық көп болғанда федерацияларға белгіленген санкциялар салады. Бірақ мен бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Халықаралық федерация бізге жылы қарайды, себебі біз допингпен күресте көп іс жасаймыз. Біз шынымен атлеттерімізге көп санкция жасаймыз. Федерация келісіп, Олимпиада ойындарында көбірек лицензия аламыз деп ойлаймын», - деді атлет.

Журналистердің бірі спортшыдан мемлекеттік қызметке қайта шақырып жатса қандай шешім қабылдайтынын сұрады.

«Мемлекеттік қызметке ауысуға әлі ерте. 42 келіп жатсам мүмкін. Белгіленген кезеңдерден өтуім керек. Әзірге мемлекеттік қызмет деген маған қайда», - деп жауап берді Ильин.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер