BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Нұртай Сабильяновқа турникке тартылуға ұсыныс тасталды

Фото: ҚР МСМ

Қазақстандық белгілі топ «Меломен» жігіттері мәжіліс депутаты Нұртай Сабиляновқа турникке тартылу арқылы, көше алаңдарындағы жаттығуға шақырып, Street Workout KZ байқауына қолдау білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

««Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жолдауымен бастау алған Street Workout KZ эстафета челленджді «Меломен» тобының жігіттері мен Ғабит Бибасұлы және мен Ролан Қазретов қабылдадық. Біз эстафетаны Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновқа және спортшы Жанқош Тұраровқа жолдаймыз. Жаса, Қазақстан! Алға, Қазақстан!», - деді әртістер.

Байқау барысында қазақстандық жұлдыздар өз күштерін көрсетіп турникпен брусьяда түрлі жаттығу жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Street Workout KZ байқауы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен бастау алған болатын. Оның мақсаты - Қазақстан жастарының арасында спортты насихаттау.

Байқау қатысушылары екі негізгі жүлде үшін – өз ауылында үлкен спорт алаңын жасатуға және 500 мың теңге көлеміндегі ақшалай жүлде үшін таласқа түседі. Байқау 10 маусымға дейін жалғасады.

Аталмыш байқау бүкіл Қазақстан бойынша белсенді өтуде, оны бірінші болып Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, әнші Қайрат Нұртас және актер Әділ Ахметов қабылдаған болатын.

Ары қарай байқауда Бахтияр Артаев, Ілияс Сүлейменов, Денис Тен, Галиб Джафаров, Арман Чилманов, Жақсылық Үшкемпіров, Игорь Мельниченко, Ардак Назаров, Қанат Ислам сынды белгі қазақстандық спортшылар қатысып өз күштерін көрсетті.

Эстафета қазақстандық эстрада жұлдыздарына да жетіп, мемлекеттік қызметкерлерге де жолданды, тіпті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов спорт алаңында өз күшін көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер