BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Нұрсұлтан Жаңабаев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді

Фото: Абзал Қалиев

Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың бокс кешінің андеркартында бесінші болып шаршы алаңға көтерілген Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Алты раундтық жекпе-жекке шыққан Нұрсұлтан Жаңабаев алғашқы раундта қарсыласы бразилиялық Алекс Сандро Дуартені нокаутпен жеңді.

Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы 4-ші жеңісіне қол жеткізді.

Еске сала кетсек, кәсіпқой бокс кеші ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтуде. Алғаш болып рингке шыққан Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундтың 50-секундында құлатты. Ал Димаш Ниязов алты раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласы Эдуардо Перейра дос Рейсты жеңіп, кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне ие болды. Кәсіпқой бокс кешінде 3-ші болып рингке шықан Айдос Ербосынұлы бірінші раундтың 2:34 секундында қарсыласы Джонатан Жеронимо Барбадилоны нокаутпен жеңді. Ал Әли Ахметов он раундтық кездесудің сегізінші раундында америкалық боксшы Томас Джастинді техникалық нокаутпен жеңді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер