BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Нұрмагомедов пен Макгрегордың реваншы өтетін күн белгілі болды

Астана, BAQ.KZ. Аралас жекпе-жек стильдегі боксшы Конор Макгрегордің бапкері Джон Кавана 16 наурызда келесі айқасты өткізу нұсқасын қарастыратынын айтты.

Бұл туралы Sports.kz. сайты жазды. Джон Кавананың пікірінше UFC экс-чемпионының қарсыласы ресейлік Хабиб Нурмагомедов болуы да мүмкін.

«Қарсылас Нұрмагомедов болса да, болмаса да біз 16 наурызда октагонға оралуды қарастырып отырмыз. 17 наурыз - Әулие Патрик күні. Шайқас мереке қарсаңында Нью-Йорк қаласында өтсе керемет болар еді. Алдағы жазға көптеген жоспар құрып отырмыз. Ал, бұл нақты шешім» — деді Кавана MMAWeekly.com сайтына.

Нұрмагомедов пен Макгрегордың жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегаста T-Mobile Arena-да өткен болатын. Ресейлік спортшы тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жеткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер