USD 334.31 EUR 355.17 RUB 5.31
Астана:

Нұрәлі Әлиев Геннадий Головкинмен әріптестік орнатты

Астана қаласы әкімінің экс-орынбасары, Елбасының жиен-немересі Нұрәлі Әлиев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен әріптестігі туралы айтып берді.

Нұрәлі Әлиевтің компаниясы Головкин мен британдық Келл Брук арасындағы кездесудің демеушілерінің бірі болған. Бұл жекпе-жек 10 қыркүйекте Лондонда өткен еді.

«Геннадий Головкиннің Лондондағы кездесуіне демеушілік жасау туралы ешқандай жоспар болған емес еді. Аяқ астынан осылай болғанын тәпіштеп түсіндіргім келіп тұрған жоқ. Дегенмен айта кетейін, Геннадий жекпе-жектің өтуіне бір ай қалғанда өтініш жасады. Сондықтан тез арада жақсы досыма көмектесу қажет болды. Геннадий әрбір жекпе-жегіне шыққанда өзінің ғана абыройын емес, еліміздің де намысын жоғары деңгейде қорғап жүр. Сол себепті бұл демеушілік ғана емес, еліміздің белгілі брендінің бірі – GGG-ге салынған инвестиция деп білемін. Біздің берік достығымыз, іскерлік әріптестігіміз әріқарай жалғаса береді», – дейді Әлиев.

Айта кетейік, Головкин алғаш рет Ұлыбританияда Келл Брукпен жекпе-жекте өткізген болатын. Кездесу ақылы түрдегі Sky Sport арнасынан көрсетілді . Жерлесіміз осы жолы өзінің карьерасындағы 36-шы жеңісіне қол жеткізді.

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2016, 15:25
Головкин жаттығуын тоқтатты
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады