USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Нокауттан кейін көз жұмған боксшының жүрегі донорлыққа берілді

Алғашқы жекпе-жегінде ауыр жарақат алып көз жұмған британиялық кәсіпқой бокшы Куба Мочиктің жүрегі донорлыққа берілді, деп хабарлайды Baq.kz.

Жекпе-жектің үшінші раундында қарсыласы 22 жастағы британиялықты нокаутқа жіберген. Жарақаттың ауыр болғаны соншалық, жас боксшы құлаған күйі есін жимаған. Дәл сол күні, 19 қарашада, боксшының егіз әпкесі бауырының еміне ақша жинау үшін, Facebook-те парақша ашады. Алайда екі күннен соң, спортшы миға қан құйылу салдарынан жан тапсырды.

The Mirror басылымының жазуынша, өлім дерегін тергеумен айналысқан полиция боксшының жүрегі мұқтаж науқасқа берілгенін хабарлады.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады