BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.38 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.49
Астана:

«Не деген бассыздық?» Шүменов Қазақстан кәсіби бокс федерациясын қатаң сынға алды

Фото: Yvision.kz

Бірінші ауыр салмақтағы WBA чемпионы Бейбіт Шүменов Астанада өткен бокс кешінен кейін Қазақстан кәсіби бокс федерациясын сынға алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшының айтуынша, бұл ұйым кәсіби боксшылардың мәнсабына көмектеспейді, керісінше тосқауыл болып отыр.

«Бізде Қазақстан кәсіби бокс федерациясы деген тек атау ғана бар. Іс жүзінде олар ештеңемен айналыспайды, еш көмек жоқ. Керісінше 600 мың теңге төлеу керексіңдер дейді, не үшін екені түсініксіз. «Егер сіздер төлемесеңіздер, жекпе-жектің өтуіне рұқсат бермейміз. Өздерің өткізіңдер, біз кеттік» деп бізге сес көрсете бастады. Мен білмей қалдым, сөйтсем 585 мың теңге төлепті, алайда не үшін, мен түсінбедім.

Спортшыға лицензия алу үшін 100 доллар төлеу керек екен, алайда әлем бойынша мұндай жоқ. Олар мүлдем ақшасы болмай тұрып қалайша кәсіби мәнсабын жасай алады? Оның үстіне олардан 100 доллар сұрайды. Тіптен Американың өзінде стандарт 25 доллар. Кәсіби бокстың астанасы Невада штатында – 50 доллар. Қазақстанда 100 доллар деген санды қайдан тауып алды? Мен түсінбедім!

Төрешілердің әрқайсысына 300 доллардан төлегендерін айтады. Бізде жергілікті төрт төреші жұмыс істеді. Бізден 585 мың теңгені төрешілерге береміз деген желеумен алып алды. Ал төреші Мақсат Асановқа: «Сен промоутердің туысысың, саған төлемейміз» депті. Тек өзге үш төрешіге ғана төлеген. Бұл не деген бассыздық?», - деп ашуланды боксшы.

Еске салсақ, 7 шілде күні Астанада Шүменов пен Хизни Алтункая арасында жекпе-жек өтіп, отандасымыз WBA титулын қайтарып алған болатын.

«Мен Демьяненкоға Астанадан WBA-ның аймақтық өкілдігін ашқым келетіндігін айттым. Ол болса: «Бізге қажет емес. Корея мен Болгарияда өкілдік бар. Рұқсат бермейміз. Тек Федерация қамқорлығында болса ғана»... Егер мұны өзгертпесек бізде кәсіби бокс ешқашан дамымайды», - деп атап өтті Шүменов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер