BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Назым Қызайбай: Шеберлік сабақтары балалардың жеңіске деген жігерін арттырады

Бокстан Әлем және Азия жеңімпаздары мен жүлдегерлері Алматы қаласы әкімдігінің қолдаумыен іске қосылған «Батыл бол» жобасы аясында жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларға шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Спорттық шара Наурызбай ауданыңда орналасқан спорт кешендерінің бірінде бокс федерациясы өкілдері, осы жобаның директоры Мұхтар Тұрсынов және Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Нұрбек Марсұлының қатысуымен өтті.

50-ден астам балалар жаңа жаттыуғылармен танысып, атақты боксшы қыздар Назым Қызайбай, Балнұр Болатбек, Рано Паркатова, Арайлым Маясар және «Астана Арланс» боксшылары Дастан Бекен, Сұлтан Абдраимов, Бекжан Асқанбаймен бірге өз шеберліктерін байқады.

«Маған бұл шеберлік сабағы қатты ұнады. Назым Қызайбай мен үлгі тұтатын спортшылардың бірі. Өзім сол кісі және Геннадий Головкин мен Қанат Ислам секілді болғым келеді. Бокспен айналысып жүргеніме 6 ай болды, бірнеше жарысқа қатсысып, біреуінде қола алдым», - дейді 10 жасар Марден Есен.

Бұл пилоттық жобаның басты мақсаты жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан мектеп жасындағы балаларды шахмат, бокс, қазақ күресі және тоғызқұмалақ спортын тегін үйрету болып табылады. Жоба әзірше Наурызбай ауданында іске қосылған.

«Қазір бізде 6-дан 17-жасқа дейінгі 800 бала бар. Осы төрт спорт түрінің ішінде сұранысқа шахмат спорты ие. Онда 350-ден астам адам оқиды. Барлығын өз істерінің мамандары дайындайды. Біз енді қазіргі көрсеткішті өсіріп, жылдың соңына дейін жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын», - дейді «Батыл бол» жобасының директоры Мұхтар Тұрсынов.

Өз кезегінде ұйымдастырушылар барлық қатысушылар мен спортшыларға сыйлықтар және дипломдар сыйлады. Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбадың айтуынша осындай шеберлік сабақтары жиі өтіп тұрса, балалардың жеңіске деген жігері артады дейді.

«Осы балалар арасында болашақта біз сияқты чемпиондар өседі деп ойлаймын. Қала әкімдігінің бұл бастамасы өте керемет, мен ризамын», - деп Назым Қызайбай өз ойын білдірді.

Айта кетер жайт, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен наурыз айының басында құрылған «Батыл бол» жобасының басты мақсаты жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдын шыққан балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына бейімдеп, олардың арасында дарынды спортшыларды анықтау болып табылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер