BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Назым Қызайбай төртінші мәрте Қазақстан чемпионы атанды

Фото: The Qazaq Times

Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан Қазақстан біріншілігінде Назым Қызайбай чемпион атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

Назым финалда оңтүстікқазақстандық Жайна Шекербековамен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл Назым Қызайбайдың ел біріншілігінде төртінші рет топ жаруы. Сондай-ақ, 48 келі салмақта жамбылдық АлуаБалқыбекова чемпион атанды. Ол финалда Ақмола облысының спортшысы Айгерім Қасенаевадан айласын асырды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы ел біріншілігінде де осы екі боксшы финалда жұдырықтасып, Назым Қызайбайдың жеңісімен аяқталған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер