BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Мейвезер MMA-де жұдырықтасатын болды

Астана, BAQ.KZ. Америкалық боксшы Флойд Мейвезер алғаш рет аралас жекпе-жек ережесі бойынша (ММА) төбелеседі. Бұл туралы Rizin ұйымының бас директоры Нобуки Сакакибара Тwitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Флойд Мейвезер 20 жастағы жапониялық кикбоксшы Тенсин Нацукаваға қарсы жұдырықтасады. Қос қарсылас арасындағы жекпе-жек 31 желтоқсан күні Токиода Rizin турнирінің аясында өтеді.

41 жастағы Мейвезер 50 рет шаршы алаңға шығып, барлық кездесуінде жеңіске жеткен. Америкалық боксшы соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың тамызында өткізген. Онда ол ирландиялық Конор Макгрегорды техникалық нокаутпен жеңді.

Жапониялық Нобуки Сакакибара ММА-де төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңімпаз атанған


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер