Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын 1-раундта сұлатып тастады - Спорт|09 Қыркүйек 2017, 18:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын 1-раундта сұлатып тастады

Фото: Абзал Қалиев

Астанада өтіп жатқан бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундтың 50-секундында сұлатып тастады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Елордада Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың бокс кеші басталды. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан кештің андеркартында Мейірім Нұрсұлтанов алғашқы болып шаршы алаңға шықты. Отандасымыз Бразилиядан келген қарсыласы Исмаэль Буэноны алғашқы раундтың 50-секундында сұлатып тастады. Нұрсұлтановтың бірнеше соққысынан кейін бразилиялық боксшы ринг сыртына құлап кетті. Төрешінің шешімімен жекпе-жек уақытынан ерте аяқталып, қазақстандық боксшы жеңімпаз атанды.

Айта кетсек, бокс кеші ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр.

Фото: Абзал Қалиев

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер