BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Марат Жыланбаев марафонға шақырады

Фото: Автор

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 23 желтоқсан күні Астанада екінші қысқы марафон болады. Азия, Африка, Америка және Австралияның ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам Марат Жыланбаев Астана тұрғындары мен қонақтарын екінші қысқы марафонға шақырады.

Марафоншы, әлемдік деңгейдегі спорт шебері Марат Жыланбаев қалалықтар мен қала қонақтары марафонда қанша қашықтықта жүгіретіндерін айтты.

«Марафонда 5, 10, 21, 42 шақырым қашықтықта жүгіріп өтеміз. Ауа райы жағдайына қарамай, кез келген жерде әрдайым жүгіруге болады. Қыста жүгіру – денсаулыққа пайдалы. Қыста жүгіретіндердің иммунитеттері жақсы болады. Ең бастысы, жүгіру – ең қолжетімді спорт түрі», - дейді ол.

Марафоншы марафон неге басқа емес, Астана қаласында өтетіні туралы айтты.

«Астана – әлем бойынша ең суық қалалардың бірі. Астанада суыққа да, ыстыққа да, желге де, боранға да еті үйреніп қалған мықты, шыдамды адамдар тұрады. Сондықтан марафонның бұл қалада өтуі таң қаларлық нәрсе емес. Астанадағы Триатлон саябағы – қыста тазаланып отыратын саябақ, сол себепті мұнда жүгіру өте қолайлы. Егер аяққа салмақты дұрыстап түсіруді үйренсеңіз – аяғыңыз да ауырмайды, тізеңіз де шығып кетпейді», - дейді Марат Жыланбаев.

Бұған дейін Марат Жыланбаевтың өмір жолы мен әлемдегі ең ірі шөлдерді жүгіріп өту барысындағы қызықты оқиғалары туралы жазған боалтынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер