BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Марадона «Динамо Брест» клубына басшы болды

Әлемдік футболдың аңыз адамы, Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы және жаттықтырушысы Диего Марадона Беларусь елінің «Динамо Брест» клубына басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Келісімшартқа қол қойдым және «Динамо Брест» футбол клубына президент болдым. Сенгеніңізге алғыс білдіремін», - деп жазды Марадона Инстаграм парақшасында.

Марадона басқарма төрағасы болып тағайындалды және 3 жылдық келісімшартқа отырды.

«Диего Марадона клубтың стратегиялық дамуына жауап береді, сонымен қатар ол құрылымдық бөлімшелермен, оның ішінде «Динамо Брест» балалар академиясымен өзара жұмыс істейді. Марадона Ресейдегі әлем чемпионаты өткеннен кейін іске кіріседі», - делінген клубтың хабарламасында.

Junto a @tajeddineseif firme el contrato y SOY el presidente del club Dinamo Brest. Gracias por la confianza y por pensar en mi. Otro logro juntos @matiasmorlaok

A post shared by Diego Maradona Oficial (@maradona) on

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер