BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Макгрегор Нурмагомедовтен жеңіліп қалды

Фото: RT

Бүгін ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор арасындағы көптен күткен кездесу өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жекпе-жектің бірінші раундында екі боксшы да белсенді соққылар жасағанымен, екінші раунда сәтті оңтайлы пайдаланып үлгерген Нурмагомедов қарсыласын жерге құлатып, аямай соққы жасады. Алайда, ирландиялық спортшы Хабибтің соққыларына шыдап, раунд аяқталғанша аяғынан тік тұрып үлгерді.

Үшінші раундта Конор қозғалысы біршама бәсеңдеп қалғаны байқалды. Сарапшылардың көбі бұл жекпе-жек төртінші раундқа дейін жетпейді деген болжам жасаған болатын. Алайда, ирландиялық пен дағыстандық спортшы төртінші раундта да жұдырық сермесіп, дәл осы раундта Хабиб тейкдаун жасады да, қарқынды соққылар жасап, Макгрегорды тұншықтыру әдісі арқылы жеңді.

Алайда, Макгрегорды жеңгеннен кейін Нурмагомедов алаңның қоршауынан секіріп шығып, Конор жаттықтырушыларының бірімен төбелесті. Дәл осы сәтте Хабибтің секунданты Зубайра Тухугов октагонға секіріп кіріп, Макгрегормен төбелесіп үлгерді.

Төрешілердің бұл қылыққа байланысты шешім шығаруы күрделене түсіп, күзет қызметі екі спортшыны шешім шығарғанға дейін алаңнан жедел алып кетті. Жекпе-жек нәтижесі спортшылардың қатысуынсыз жарияланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер