Левиттiң қытайлық боксшыны нокаутқа түсiрген видеосы жарияланды - Спорт|09 Маусым 2018, 11:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Левиттiң қытайлық боксшыны нокаутқа түсiрген видеосы жарияланды

Фото: интернеттен

Қазақстанның танымал боксшысы Василий Левит ҚР Президентi Кубогiнде жанкүйерлерiн тағы бiр нокаутпен қуантты, деп хабарлайды Sports.kz.

Отандық спортшы қытайлық боксшы Ванг Жибаомен ширек финалдық жекпе-жегiн белсендi бастады. Ол бiрнеше рет шабуылдап, оң жақтан күштi соққы жасады. Осылайша, қарсыласы бiрден рингте құлады. Қытайлық спортшы әрең орнынан тұрып, қайда тұрғанын, не болып жатқанын дұрыс түсiнбегендей болды. Ал рефери санағаннан кейiн Левит нокаутпен жеңдi деген шешiмге келдi.

Василий турнирдегi бiрiншi жекпе-жегiн де нокаутпен ақтады. Ол сол кезде екiншi раундта үндi боксшысы Санжит Санжиттi жеңген болатын. Ендi Василий Левиттi 91 келiге дейiнгi салмақ дәрежесiнде жартылай финалдық жекпе-жек күтiп тұр.

Айта кетсек, турнир 10 маусымда аяқталады.

President's Cup

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер