BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.55 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.76 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Алматы, BAQ.KZ. Аралас жекпе-жектің шебері Қуат Хамитов алдағы жоспарымен бөлісті, деп жазады Sports.kz.

Хамитов өзінің Instagram парақшасына 27 желтоқсан күні Мәскеуде өтетін Fight Nights Global турнирінде өнер көрсететінін жазған. Оның қарсыласы әзірге белгісіз. ММА кешіндегі басты кездесу ресейлік Роман Копылов (6-0) пен швейцариялық Ясубей Эномото (18-10) арасында өтпек, олар орта салмақтағы чемпиондық титулына таласады.

Айта кету керек, Қуаттың жекпе-жек алаңына шықпағанына бір жылдан асты. Ол соңғы кездесуін 2017 жылдың қарашасында ирландық Питера Куиллимен жұдырықтасып, қазылардың басым дауысымен оны жеңген. Алайда Куиллидің командасы берген апелляция бойынша тәуелсіз комиссия ұпайларды қайта санап, кездесуді тең өтті деген шешім шығарған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер