BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Кешегі жеңісінен кейін Қанат Исламның рейтингі қалай өзгерді?

Фото: Абзал Қалиев

Қазақстандық танымал боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) кешегі канадалық Брендон Кукпен (18-1, 11 КО) өткен жекпе-жектен кейін BoxRec.com спорттық сайттағы рейтингін біршама өзгертті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жекке дейін орта салмақ дәрежесінде Қанат Ислам 25-ші орында тұрған болатын. Ал кешегі канадалық боксшы Брендон Кукті жеңгеннен кейін жерлесіміз бірден 12-ші орынға көтерілді. Ал Қанаттың қарсыласы Брендон Кук Астанадағы жеңілісінен кейін бірден 22 орын төмендеп, 43-ке табан тіреді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, яғни 9 қыркүйек күні Астанадағы Сарыарқа велотрегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам канадалық қарсыласы Брендон Кукті 9-раундта айқын басымдықпен жеңген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер