BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстанның «Әскер барысы» анықталды

Шымкент қаласында әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен ел біріншілігі өтті. «Әскер барысы» деп аталатын балуандар бәсекесінде барлық күштік құрылымдардан келген отыз жігіт өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі "Хабар-24" арнасына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті мен Армия орталық спорттық клубы ұйымдастырған сайыста жеңіске жеткен балуан «Қазақстан барысы» республикалық турниріне жолдама алады. Өткен жылы «Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы атанған Еламан Ерғалиев Қазақстан барысын да қоса жеңіп алған болатын.

Сонымен Шымкент қаласында өткен турнирде жеңіс тұғырына қарсылас шақ келтірмеген Армия орталық спорттық клубының палуаны Ерасыл Кажыбаев көтерілсе, екінші орынға Мемлекеттік Күзет қызметінен келген Әлібек Зекенов ие болды. Ал үшінші орын Ұлттық Ұлан өкілі Олжас Шыныкеевке бұйырды.

«Мақсат іріктеп бір әскери қызметшіні «Қазақстан барысына» қатыстыру. Ол іріктеусіз жарысқа қатысады. 2017 жылдың «Әскер барысы» Ералиев Еламан «Қазақстан барысы» атанды» - дейді ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Расул Мейірманов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер