BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қазақстан құрамасы Гватемала қақпасына жеті гол соқты

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Тунисте өтіп жатқан әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Гватемала құрамасын жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Гватемалаға қарсы өткен ойын 7:1 есебімен аяқталды. Бірақ біздің құрама бірінші болып гол жіберіп алған еді.

Қазақстан құрамасы «Е» тобында екінші орын алды. Бірінші орынды 9 ұпай жинаған Румыния құрамасы еншіледі.

1/8 финалда Қазақстан құрамасы турнирді қабылдап жатқан Тунис құрамасымен кездеседі. Ойын 12 қазан күні өтеді. Ал плей-офф кезеңінің басқа жұптарында Румыния - Сенегал, Испания - Чили, Мексика - АҚШ, Ресей - Франция, Венгрия - Ливия, Австралия - Босния және Герцеговина, Чехия - Бразилия құрамалары кездеседі.

Еске салайық, әлем біріншілігі топтық кезеңінің бірінші матчында Қазақстан құрамасы Румыниямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Кейін біздің құрама Кот-д’Ивуар құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер