USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XIV кезектен тыс сайлау конференциясы өтіп, жаңа президент сайланды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ерлан Қожағапанов өз еркімен қызметінен кеткен соң, кезектен тыс сайлау ұйымдастырылған еді. Федерация президенттігіне жалғыз үміткер тіркелген. Бұл қызметке ардагер футболшы, бір кездері Қазақстан футбол одағын басқарған, соңғы уақытта Федерация президенті міндетін атқарып жүрген Сейілдә Байшақов сайланды. Конференцияға қатысқан ҚФФ өкілдері мен федерация Атқарушы комитетінің мүшелері бірауыздан қолдап, дауыс берді. Енді Сейілдә Икрамұлы бұл қызметі 2020 жылға дейін атқарады.

Сейілдә Икрамұлы Байшақов 1950 жылдың 28 тамызында дүниеге келген.

«Қайрат» ФК (Алматы) мен КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

Әртүрлі қызметтерді атқарды:

- «Қайрат» футбол клубы» АҚ бірінші вице-президенті;

- ҚР шағын футбол қауымдастығының президенті;

- ҚФФ балалар және жасөспірімдер футболының жетекші маманы;

- Қазақстан Футбол Одағының вице-президенті;

- Қазақстан Футбол Одағының төрешілер комитетінің төрағасы;

- Ұлттық футбол лигасының директоры;

2007 жылдың 28 тамызынан бастап – ҚФФ вице-президенті;

2013 жыл – Техникалық комитеттің төрағасы;

2016 жылдың 19 қазанынан бастап – ҚФФ президентінің міндетін атқарушы;

КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы;

ҚР ардагерлер футболы одағының президенті.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады