USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Қазақстан» арнасы «Еуразия Барысын» көрсетеді

1 желтоқсанында «Алматы Арена» (Алматы қ.) мұз сарайында өтетін «Еуразия Барысы» дәстүрлі халықаралық турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 13:00- ден бастап тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Baq.kz .

2013 жылдан өткізіліп келе жатқан байрақты бәсекеге биыл 8 елдің балуаны келеді. Бұл жолғы додаға қазақ батырларынан өзге Грузия, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан спортшылары қатысады. Биылғы турнир қатысушыларының арасында әлемдік жұлдыздар көп. Грузия құрамасы атынан самбодан төрт мәрте чемпион В.Чидрашвили, Еуропаның екі дүркін чемпионы Д.Лариошвили, әлем мен Еуропа чемпионаттарының жеңімпаздары шығады. Моңғолияның намысын самбо бойынша әлем чемпионы А.Байараа, дзюдодан Әлемдік Гран-прилер жеңімпазы Х.Ганболд, сондай-ақ «Еуразия Барысы» турнирінің 2014 жылғы жеңімпаздары қорғайды.

Ал Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар арасында Қажымұқанның мұрагерлері атына лайық Марат Нығматуллаев, Ержан Мағауинов, Бақдәулет Сәбитов, Айдос Ғалымов, Дәулет Пахриденов, Айбол Айтбек және Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров секілді сом білекті, арыстан жүректі жігіттер бар.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әр команда 1 төреші, 1 бапкер және 8 салмақ дәрежесінде шығатын (55 келі, 60 келі, 66 келі, 74 келі, 82 келі, 90 келі, 100 келі және 100 келіден жоғары) 8 балуаннан тұрады. Балуандардың жасы міндетті түрде 18-ден асқан және өзі келген елдің азаматы болуы шарт. Сонымен қатар, олар міндетті түрде медициналық тексеруден, салмақ өлшеуден, допинг-тесттен және дайындық жаттығудан өтеді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады