BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Канелоның келесі қарсыласы кім?

Фото: sputnik.kg

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) келесі қарсыласының кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, «Канело» ендігі кезекте шаршы алаңда британдық боксшы Рокки Филдингпен (27-1, 15 КО) кездеседі. Жекпе-жек 15 желтоқсанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл жұдырықтасуда Альвареске тиесілі WBA Super әлем чемпионы атағы бәске тігіледі.

Еске сала кетсек, «Канело» соңғы жұдырықтасуын 15 қыркүйекте өткізген болатын. Бұл жекпе-жекте ол қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңді. Ал Филдингке келер болсақ, ол 14 шілдеде аса танымал емес неміс боксшысы Тайрон Цойгемен (23-1-1, 13 КО) бокстасты. Бұл жекпе-жек британдық спортшының сегізінші раундтағы техникалық нокаут арқылы жеңісімен аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер