BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

«Қанат vs Кук» бокс кешінде Руслан Мырзатаев қарсыласын нокаутпен жеңді

Фото: Абзал Қалиев

Елордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың бокс кешінің андеркартында алтыншы болып жекпе-жекке шыққан Руслан Мырзатаев қарсыласын төртінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Төрт раунд бойы аргентиналық Андрес Афранлиге жойқын соққылар бағыттаған Руслан Мырзатаев нокаутпен жеңіске жетті. Руслан осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста үш жекпе-жек өткізіп, оның үшеуін де нокаутпен жеңген. Ал қарсыласы бес кездесуді де нокаутпен аяқтаған.

Еске сала кетсек, кәсіпқой бокс кеші ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «ZHERSU» корпорациясының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтуде. Алғаш болып рингке шыққан Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундтың 50-секундында құлатты. Ал Димаш Ниязов алты раундқа созылған жекпе-жекте Эдуардо Перейра дос Рейсты жеңіп, кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісіне ие болды. Кәсіпқой бокс кешінде 3-ші болып рингке шықан Айдос Ербосынұлы бірінші раундтың 2:34 секундында қарсыласы Джонатан Жеронимо Барбадилоны нокаутпен жеңді. Ал Әли Ахмедов он раундтық кездесудің сегізінші раундында америкалық боксшы Томас Джастинді техникалық нокаутпен жеңді. Шаршы алаңға бесінші болып көтерілген Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Фото: Абзал Қалиев

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер