BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қанат Ислам жанкүйерлерімен кездесу өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жанкүйерлерімен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы спортшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің facebook парақшасында жазды.

«Құрметті жанкүйерлер, Алматы тұрғындары мен қонақтары! Ертең Алматы қаласында Розыбакиев көшесіндегі «MEGA ALMA-ATA»-ның 1 қабатында əлемге əйгілі UNDER ARMOUR спорттық дүкені ашылады. Ашылу құрметіне орай Қанат Ислам 19:00-де өз жанкүйерлерімен сол жерде жүздеседі. Суретке түсіп, қолтаңба алғыңыз келсе біз сіздерді күтеміз. 26 желтоқсан, сағат 19:00-де жүздескенше!», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер