BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Қанат Ислам АҚШ-та ауруханада жатыр

Фото: sputniknews.kz

Қанат Ислам АҚШ-та жаттығу жиынында аяғын жарақаттап алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі SportX.kz сайтына сілтеме жасап.

Боксшы жоспарланған жекпе-жектен бас тартуына тура келді.

Қанат Ислам 23 маусымда Лос-Анжелесте мексикалық Фернандо Каркамоға қарсы келесі рейтингті жекпе-жегін өткізуі керек болатын. Алайда, екі апта қалған кезде ол денсаулық жағдайына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Ол рингке шыға алмау себебін түсіндірді.

«АҚШ-та жаттығу жиыны кезінде аяғымды жарақаттап алдым. 23 маусымда жекпе-жекке шығуым керек еді. Өкінішке қарай, жанкүйерлерім ол жекпе-жекті көре алмайды. Аяғым жазылған кезде рингке қайтып оралам. Оған шамамен 2 ай уақыт қажет. Жанкүйерлерім менің рингке шығуымды ұзақ күткенін білемін», - деп жазды ол Фейсбуктегі «Профи Бокс Казахстана» парақшасына.

Еске сала кетсек, Қанат Ислам соңғы рет Астанада 2017 жылы 9 қыркүйекте жекпе-жекке шыққан еді. Ол кезде канадалық Брэндон Куканы жеңген еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер