BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

"Қайрат" ЕЛ-дің іріктеу кезеңінде қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

"Қайрат" футболшылары Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі ойында андорралық "Энгорданиді" тас-талқан етті, - деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Андорра-ла-Вельядағы "Комуналь" стадионында өткен ойын 3:0 есебімен аяқталды.

Есеп ойынның бесінші минутында ашылды, "Энгорданидің" 37 жастағы қорғаушысы Вальтер Вагнер "Қайраттың" украиналық ойыншысы Адеринсола Эсеоланың пасын тоқтатпақ болғанда допты өз қақпасына кіргізіп алды.

Екінші голға да Эсоланың қатысы болды - форвардқа берілген пинальтиді "Қайрат" капитаны Бауыржан Исламхан теуіп, 25 минутта тағы бір гол есептелді.

Алматылық клубтың венгриялық форварды Мартон Эппель 90 минутта салынған үшінші голдың авторы болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер