BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Италия құрамасы футболдан әлем чемпионатына қатыспайды

Фото: 112.ua

Италияның футбол құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама ала алмай қалды. Ұпай сандарын есептегенде Швеция құрамасы одан асып түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жауапты кездесу кеше Миланда өтті. Ойында екі құрама тең түсті, есеп 0:0. Ал, 10 қарашада Стокгольмде өткен ойында шведтер 1:0 есебімен басым түскен.

Осылайша, Италия құрамасы – әлемнің төрт дүркін чемпионы 1958 жылдан бері алғаш рет әлемдік біріншілікке өте алмай қалды. Ресейдегі турнирге Швеция командасы қатысады.

Еуропадан әлем чемпионатына қатысатын соңғы құрама бүгін анықталады. Ирландия құрамасы өз алаңында Дания футболшыларын қабылдайды. Алғашқы кездесуі 0:0 есебімен аяқталған.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 2018 жылдың 14 маусымынан 15 шілдесіне дейін Ресейдің 11 қаласында: Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Төменгі Новгород, Қазан, Сочи, Ростов-на Дону, Саран, Волгоград, Калининград және Екатеринбургта 12 стадионда өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер