BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Илья Ильиннің бұрынғы әйелі Азиадада Қазақстанға жеңіс сыйлады

Қазақстандықтар Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жазғы Азиадада жарысқа шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстанның гандболдан әйелдер құрамасы екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Спортшы қыздарымыз алдымен Үндістан құрамасын 36:19 есебімен жеңді, содан соң Қытай құрамасын 27:26 есебімен ұтты.

Қытайлықтармен кездесу аяқталғанға екі секунд қалғанда Наталья Ильина гол салды. Енді жалпы есепте Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен Оңтүстік Кореядан кейін екінші орында тұр. Одан әрі Қытай, КХДР және Үндістан тұр. Оларда әзірге ұпай жоқ. Жартылай финалға шығу үшін топтық бәсекеде бірінші не екінші орын алу керек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер