BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Хабиб бүгінгі қылығынан соң спорттан шеттетіледі ме?

Фото: news.sportbox.ru

Бүгін ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор арасындағы көптен күткен кездесу өтіп, Нурмагомедов қарсыласын кездесудің төртінші раундында тұншықтыру әдісі арқылы жеңген болатын, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Төртінші раундта дағыстандық спортшы тейкдаун жасады да, Макгрегорды тұншықтыру әдісі арқылы жеңді. Алайда, Макгрегорды жеңгеннен кейін Нурмагомедов алаңның қоршауынан секіріп шығып, Конордың жаттықтырушыларының бірі Диллон Дэниспен төбелесті. Дәл осы сәтте Хабибтің секунданты Зубайра Тухугов октагонға секіріп кіріп, Макгрегормен төбелесіп үлгерді.

Төрешілердің бұл қылыққа байланысты шешім шығаруы күрделене түсіп, күзет қызметі екі спортшыны шешім шығарғанға дейін алаңнан жедел алып кетті. Жекпе-жек нәтижесі спортшылардың қатысуынсыз жарияланды. Ирландиялық спортшының жанкүйерлері Нурмагомедовке сыра банкілері және түрлі қоқыс лақтырып, су шашты.

UFC президенті Дэйна Уайт егер Нурмагомедов ұзақ уақытқа шеттетілетін болса, она барлық титулынан айыруға тура келетінін мәлімдеген болатын.

«Хабиб торлы алаңнан нағыз жеңімпаз болып шыға алар еді. Оны басқа кеш күтіп тұрған болатын. Оның бұл әрекеті жөнсіз болды», - деп пікір білдірді Дэйна Уайт.

Сонымен қатар, ол Невада спорт комиссиясының атқарушы директоры Диллон Дэнис бүгінгі жекпе-жек үшін тиісті гонорарды Конор алатынын, бірақ, Нурмагомедовке берілмейтінін айтқанын мәлімдеді.

«Сонымен қатар, жекпе-жектен кейін торлы алаңға секіріп кіріп, төбелес ұйымдастырған жігіттердің бірі Зубайра Тухугов алдағы уақытта бізде төбелеспейді. UFC-де спортшылар бір-біріне балағат, намыстарына тиетін сөз айтып келе жатқанына 18 жыл болды. Трэшток барлық жерде бар. Сен адамдарға не айту керектігі жөнінде нұсқау бере алмайсың. Бұл жауынгерлер, бұл жерде үнемі осылай», - деді Дэйна Уайт.

Ол UFC бұл жекпе-жектен қанша пайда тапқаны жөнінде бейхабар екенін және қазір бұл мәселенің ол үшін маңызы жоқ екенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер