BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Головкиннің Өскемендегі жанкүйерлері Ертістің жағасына жиналады

Фото: altaynews.kz

16 қыркүйекте барша өскемендіктер Головкин – Альварес қарымта жекпе-жегін бірге тамашалай алады. Ертістің жағасындағы Амфитеатрда үлкен экраннан тікелей трансляция жасалады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл күні таңғы 7.30-дан бастап көрермендер әртүрлі ойын-сауықтық бағдарламаларға қатыса алады.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, еліміздің бірқатар танымал спортшылары айтулы доданы өскемендіктермен бірге тамашалау үшін арнайы келеді. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпионы Серік Сапиев, кикбоксинг бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін ТМД және Азия чемпионы Ерлан Шідербаев, грек-рим күресі бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Нұрбақыт Теңізбаев сынды спортшылар бар.

«Өскемендей керемет қаланың тұрғындары! Сіздермен қауышатыныма қуаныштымын. 15 қыркүйекте айтуыл жекпе-жек күтіп тұрғаны анық. Жерлесіміз Геннадий екінші мәрте мексикалық боксшы Канеломен кезігеді. Бұл жолы жеңіс бізде. Сіздер үшін арнайы ұшып келемін. Бірге жеңімпаз атанайық», – деген жалынды сәлемін жолдады Серік Сапиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер