BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

Головкиннен тартып алынған чемпиондық атаққа Джейкобс пен Деревянченко таласады

Америкалық Дэниэл Джейкобспен украиналық Сергей Деревянченко орта салмақ дәрежесіндегі IBF тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе жек өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Джейкобстың тарапынан болған қызығушылықтан соң британдық промоутер Эдди Хирн украиналық боксшы Деревянченконың ісімен айналысатын америкалық әріптесі Лу ДиБеллоймен келісімге клегенін мәлімдеді.

«Қымбат досым Лу ДиБеллоймен бір апталық келіссөздерден соң HBO телеарнасында IBF титулы үшін өтетін Джейкобс – Деревянченко жекпе жегінің шарттарына келістік. Жақын арада Нью-Йорк үшін жекпе жек күні хабарлаймыз» - деп жазды Хирн Twitter-де.

Айта кетсек, Джейкобс пен Деревянченко Андре Розье қарамағында жаттығады. Ал олардың келіссөздерін бір менеджер Кит Конноли жүргізеді. Осы жекпе жекте бапкер Розье 14 жыл бірге жұмыс істеген америкалық боксшыға жақтасатыны мәлім болып отыр. Ал украиналық Деревянченконың бапкері кім болатыны әзірге белгісіз.

Осыған дейін ESPN шолушысы Дэн Рафаэль Джейкобс - Деревянченко жекпе жегі 27 қазанда Madison Square Garden аренасында өтуі мүмкін деп мәлімдеген болатын.

Еске сала кетсек, орта салмақта IBF титулы маусым айында Геннадий Головкиннен тартып алынған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер