Головкин мен «Канело» реваншының келіссөздері басталды - Спорт|16 Мамыр 2018, 10:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Головкин мен «Канело» реваншының келіссөздері басталды

Golden Boy Promotions бас директоры Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің қыркүйектегі қарымта кездесуін өткізу туралы келіссөздер басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Ол үшін ең маңыздысы Альварестің допингке қарсы VADA бағдарламасына кіру болды. Бүгін боксшы мен оның өкілі Эрик Гомес бұл бөлікті орындағаны туралы хабарлады.

«Біз Томмен келіссөзді бастадық. Рематчтың болғанын қалаймыз және бұл – дұрыс бағыттағы тағы бір қадам. Кез келген үздік боксшы жыл бойы VADA-дан тексерілуі тиіс. Мұны спортты тазартудың жалғыз жолы деп білеміз. Осы жекпе-жекті өткізе аламыз деген үмітіміз бар. «Канело» және GGG қазір бір-бірін жақсы көрмейтін де шығар. Егер бокстасу қыркүйекте болса, онда өте қызықты, тартысты болады. Енді олардың арасында нағыз алауыздық бар. Нағыз жекпе-жек болары сөзсіз. Қалай дегенмен, «Канело» қыркүйекте рингке қайта шығады», ― деді Оскар де ла Хойя ESPN.com сайтына.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер