BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Головкинге WBC міндеттеген қарсылас мәлімдеме жасады

Фото: © boxingscene.com

Астана, BAQ.KZ. Орта салмақта WBC regular чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) өзін көрсе болды орта дивизион жұлдыздары шақырым жерден тығыла бастайтынын айтады. Бұл туралы vRINGe.com. сайтына сілтеме жасап vesti.kz жазды.

«Жас болғандықтан дивизионда менен қашатындар көп. Асау әрі «ашпын». Бәрі басып келе жатқан пойызды көріп, жолдан қашады. Бізді ешкім тоқтата алмайды. Қашпаса барлық ірі жекпе-жектер ұйымдастырылған болар еді. Мақсатым белбеуі бар кез келген чемпионға шабуыл, белбеулерді жинап, дивизионда басым болу», - деп келтіреді 28 жастағы америкалықтың сөзін BoxingScene.

22 желтоқсанда Джермалл отандасы кіші Вилли Монромен (23-3, 6 КО) жұдырықтасады. Чарло өзінің жеңісіне сенімді көрінеді.

«Тап қазір Дэниел Джейкобспен (орта салмақта IBF чемпионы) жұдырықтасқым келеді. Алдымен Монроны жіліктеп алайын, сосын Джейкобсты ойластырармыз», - деді Чарло.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер