BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Головкинге қарсылас болуы мүмкін боксшылар туралы видео жарияланды

Motivedia–Boxing Youtube-арнасында орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) болашақта қарсылас болуы мүмкін боксшылар туралы топтама жасады. Ролик авторлары қазақстандық боксшыны алдағы жекпе-жектерде кім жеңуі мүмкін екенін болжаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агентті.

Видео авторлары Головкинге қарсылас болуы мүмкін бокшылар деп Джермалл Чарло, Билли Джо Сондерс пен Даниэль Джейкобсты атаған.

«Осы боксшылардың бірі Геннадийді жеңіп әлемді дүр сілкіндіретін шығар?» - деп жазады Motivedia-Boxing.

Еске сала кетсек, 5 мамырда Головкин мен америкалық боксшы Мартиросян арасында өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Ол дәл осы күні мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен бокстасуы тиіс еді. Алайда «Канелоның» қанынан тыйым салынған зат табылып реванштан бас тартты. Головкин Мартиросянмен өткен жекпе-жекте миллион доллар алса, ал америкалықтың гонорары 250 мың доллар болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер