BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Головкин P4P рейтингінің ТОП-5 қатарынан шығып қалды

Фото: sports.kz

Астана, BAQ.KZ. Британияның белгілі WorldBoxingNews.net басылымы салмақ санатынан тыс үздік боксшылардың жаңа рейтингін (pound-for-pound) жариялады. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Британиялық боксшы Тайсон Фьюри отандасы Энтони Джошуаны ТОП-10 қатарынан шығарып, сегізінші орынға орналасты. Бірінші орында украиналық Василий Ломаченко, екінші-мексикалық Сауль Альварес, ал үшінші орында тағы бір Украин боксшысы Александр Усик тұр. Қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкин алтыншы орында.

Үздік он боксшының тізімі:

1. Василий Ломаченко (Украина)

2. Сауль Альварес (Мексика)

3. Александр Усик (Украина)

4. Майки Гарсия (АҚШ)

5. Теренс Кроуфорд (АҚШ)

6. Геннадий Головкин (Қазақстан)

7. Наоя Иноуэ (Жапония)

8. Тайсон Фьюри (Ұлыбритания)

9. Мэнни Пакьяо (Филиппины)

10. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер