BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегіне қанша билет сатылғаны белгілі болды

Фото: insidehboboxing.com

Қазіргі уақытта сатылмаған билеттер саны шамамен 2000 билет қана, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гоместің айтуынша, 15 қыркүйекте Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі аншлагпен өтеді. Қазіргі уақытта сатылмаған 2000-нан астам билет қана қалған.

«Билеттер жақсы өтіп жатыр. Қазір жарнамалау кезеңі, сондықтан осы айдың соңында немесе келесі айдың басында қалған билеттер түгел өтіп кетеді деп үміттенеміз. Билеттің ең жылдам өтетін уақыты – жекпе-жекке бір ай қалғандағы уақыт. Қазірдің өзінде 17 500 билет өтіп кетті», дейді Гомес.

Еске сала кетсек, GGG мен «Канелоның» жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер