Головкин мен Альварес жекпе-жекке дейін қашан кездесетіні белгілі болды - Спорт|07 Тамыз 2018, 09:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Головкин мен Альварес жекпе-жекке дейін қашан кездесетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жектен бір апта бұрын кездесетін болды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Sports.kzбасылымына сілтеме жасап.

28 тамызда НВО телеарнасының «Канело» - GGG 2. 24/7″ хабарымен бірге боксшылар бірлескен баспасөз мәслихатын және жаттығуларын өткізеді. Шара жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне ашық болады. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер TalkSport.com тілшісі Майкл Бенсонға мәлімдеген.

Еске сала кетсек, Головкин мен «Канело» рематч алдында, шілденің басында бір рет баспасөз мәслихатын өткізген болатын. Ол қашықтан, яғни боксшылар мен олардың командалары өз лагерьлерінде жүріп сөйлескен еді және Facebook арқылы тікелей эфирде жүргізілді.

«Канело» - GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер