BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Головкин мен Альварес реваншы астаналық Арбатта көрсетіледі

Фото: интернеттен

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегін Астанадағы Арбатта тамашалауға болады. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Гена, алға! Go GGG! Мұндай ұран 16 қыркүйек күні Астана уақыты бойынша таңертең Қазақстанда және басқа жерлерде айтылады. Лас-Вегас кімді қонақ қылып жатқанын біледі деп ойлаймын. Орта салмақтағы WBC, WBA (super), IBO чемпионы және Қазақстанның мақтанышы – Гена мексикалық Сауль Альвареспен екінші рет кездеседі. Бұл жекпе-жекті біз тікелей эфирде Арбатта көрсетеміз. Боксты үлкен экранда көруге ниет білдіргендер таңертең Арбаттағы жазғы кинотеатрға келіп жайғаса алады. Күздің дәл осы таңы ыстық болары сөзсіз», - деп жазды Сарыарқа ауданының әкімі Фейсбук парақшасында.

Айта кетсек, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Былтыр бір кездесіп, тең тарқасты. 15 қыркүйек күні (Астана уақыты бойынша - 16 қыркүйекте) екінші рет шаршы алаңда жолығады. Бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Президенттің телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен әлем чемпионы Геннадий Головкиннің кездесуінен видео үзінді жариялады.

Кеше Лас-Вегаста WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль «Канело» Альварестің реванш алдындағы соңғы конференциясы өтті. Боксшылардың екеуі бірдей қатысқан алғашқы шарада Альварес жекпе-жек алдындағы көз түйістіруден бас тартты.

WBC, WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес тәлімгерінің Саул «Канело» Альвареспен екінші кездесуде айтарлықтай проблема болмауы тиіс екенін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Желтоқсан 2018, 10:10
Мұхтар ШЕРІМ. МЕН ӘЛІ ҚЫЗБЫН...
Пікірлер