BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Головкин мен Альварес алдағы жекпе-жектен қанша табыс табады?   

Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Алвьарестің гонорары белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

The Telegraph басылымының мәліметінше, Головкин мен «Канело» 15 миллион доллардан кепілдендірілген гонорар алады. Бұл екі боксшы үшін де рекордтық сома. Айта кетейік, спортшылар ақылы трансляцияларды (PPV) сатудан түскен табыстан да үлес алады

Golden Boy Promotions басшысы Оскар Да Ле Хойяның болжауынша, жекпе-жек 1,5 миллион шамасында PPV жинап, 100 миллион доллар кіріс келтіреді. Бұл соманың 60 проценті боксшылар арасында бөлінеді. PPV-ден түскен табыстың негізгі бөлігін «Канело» алады. Сонымен қатар, боксшыларға билет сатудан түскен табыстан да үлес беріледі. Бұдан бұрын жекпе-жектің билеттері екі аптаның ішінде сатылып кеткені хабарланған болатын.

Айта кетейік, жекпе-жек Астана уақытымен 17 қыркүйек күні таңертең өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер