BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Головкин «Канеломен» өтетін жекпе-жектен қанша ақша алады?

Фото: Informburo.kz

The Ring журналы орта салмақ дәрежесіндегі WBC, WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші рет өтетін жекпе-жектен алуы мүмкін табысын атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ғана GGG мен «Канело» арасындағы реванш 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile аренасында өтеді деп ресми хабарланды. Бір жыл бұрын осы аренада алғаш рет кездескен екі боксшы тең түскен болатын.

GGG мен «Канело» командаларының келіссөздері ресми мәлімдеме жасауға жарты сағат қалғанда өтті. Мексикалық боксшының промоутері Оскар Де Ла Хойя ESPN-ге берген сұхбатында «Екінші жекпе-жек болмайды, бұл 100%» деп мәлімдегеннен 5 минут өткен соң екі тарап тағы да талқылау жасады.

Альварестің промоутерлері Головкиннің өкілдеріне табысты мексикалықтың пайдасына 57,5 және 42,5 деп бөлу туралы, бұлай болмаса келіссөзден бас тартып, реванштан бас тарту соңғы ұсынысын қойған болатын. Ал қазақстандық боксшы 45 процент үлеске ие болуды қалаған еді.

Головкин мен «Канело» реванш туралы қалай мәлімдеме жасады

The Ring-тің мәліметінше, Головкин алдағы жекпе-жекте 40 млн доллардан көп пайда табуы мүмкін. Ал Альварестің табысы әлі нақтыланбады.

Forbes-те бар деректерде Головкин бірінші жекпе-жегінде 24 миллион доллар, ал Альварес 42 миллион доллар тапқанын және көп ақша төленетін әлемдік спортшылар рейтингісінде мексикалық 15-орын, ал қазақстандық 72-орынға тұрақтағаны көрсетілген. Бұл жекпе-жек 70-те 30 «Канелоның» пайдасына шешілді.

Айта кетсек, Головкин-Альварес реваншы алғашында 5 мамырға жоспарланды. Алайда мексикалықтың допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен соң ол жекпе-жектен бас тартқан болатын. Головкин тез арада қарсылас тауып, 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен бокстасып, екінші раундта нокаутқа түсірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер