BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Головкин IBF бойынша әлем чемпионы титулынан айырылуы мүмкін

5 мамырға қарсылас іздестіру Геннадий Головкин мен оның тобын тығырыққа тіреді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, украиналық Сергей Деревянченконың өкілдері IBF ұйымынан GGG-мен титулын қорғау үшін кездесу өткізуді сұрады. Олардың боксшысы IBF бойынша әлем чемпионы белбеуіне міндетті үміткер. Геннадий соңғы рет бұл белбеуін 2016 жылы Доминик Уэйдпен кездесуінде қорғаған.

Бұдан басқа, Головкиннің қарсыласы ретінде америкалық Ванес Мартиросян және бразилиялық Ямагучи Фалькао қарастырылуда.

Егер, IBF Деревянченко тарабының өтінішін қанағаттандырып, Головкин басқа боксшымен кездесу өткіземін деп шешсе, ұйым оны белбеуінен айыруы мүмкін.

Сонымен қатар, Головкин өзінің белбеуінен бас тартқысы келмесе 5 мамырдағы кездесуін басқа датаға шегеріп, Деревянченкомен жұдырықтасуына тура келеді.

Айта кетейік, IBF аталған мәселе бойынша шешім қабылдаған жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер