BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Головкин Forbes рейтингінде бір саты көтерілді

Forbes журналы ең қымбат боксшылардың рейтингін жаңалап жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) бір сатыға көтеріліп, үшінші орыннан екіншіге жайғасты.

«Головкин Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жібергені үшін осы айда 1 миллион доллар алды. Сонымен қатар ол Альвареспен қыркүйекте кездесудің келіссөздерінде өзін пайдалы позицияға қойды. Дегенмен Головкин «Канеломен» бокстасса, қарсыласы сияқты көп ақша таба алмайды», - деп жазады басылым.

Forbes айсайынғы рейтинг соңғы гонорарлардың, алдағы жекпе-жектер мен қарсыластардың негізінде жасады. Соның ішінде ТОП-15 спортшы мыналар:

1. Энтони Джошуа (бұрынғы позициясы — 2)
2. Геннадий Головкин (3)
3. Сауль Альварес (1)
4. Василий Ломаченко (4)
5. Деонтей Уайлдер (7)
6. Эррол Спенс (5)
7. Теренс Кроуфорд (6)
8. Сергей Ковалев (8)
9. Дэниэл Джейкобс (9)
10. Майки Гарсия (10)
11. Джермалл Чарло (14)
12. Джермелл Чарло (13)
13. Эдриэн Бронер (рейтингсіз)
14. Срисакет Сор Рунгвисаи (14)
15. Кит Турман (12).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер