USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Головкин биыл Джейкобспен кездеспейтін болды

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин биыл шаршы алаңға шықпайды. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, орта салмақта WBA «тұрақты» чемпионы белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) келіссөздер күткендегіден ұзаққа созылып жатыр. Сол себепті қос боксшының арасындағы жекпе-жек келесі жылдың басына ауыстырылады. О баста кездесу осы жылдың 10 желтоқсанында өтеді деп жоспарланған еді.

«Головкин келесі жекпе-жегін Джейкобсқа қарсы өткізеді. Оған дейін кездесу өткізу мүмкін емес, себебі WBA оны Джейкобспен қолғап түйістіруге міндеттеді. Геннадий – қазіргі бокстағы ең белсенді чемпион, алайда белгілі бір міндеттемелер қойылған кезде, келіссөздер ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Бұл келіссөз де біз ойлағаннан ұзаққа созылды. 10 желтоқсанға дейін тым аз уақыт қалғандықтан, жекпе-жекті келесі жылға қалдырдық», - дейді Леффлер.

Джейкобстың бапкері Андре Розье де шәкіртінің биыл Головкинмен кездеспейтінін растады. Оның себебін бапкер уақыт тапшылығымен түсіндіріп отыр, деп жазады vesti.kz.

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2016, 15:25
Головкин жаттығуын тоқтатты
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады